$ 494.87  520.65  4.91

«Енді қытай тілін үйрене бастаймыз ба?»: Жетісу облысында Қытай радиосы кедергісіз тартып тұр

Видео астына пікір қалдырғандар Қытай радиосы бұл аймақта көптен бері тартатынын, оған таңғалудың қажеті жоғын айтыпты.

Жетісу облысының Сарыөзек ауылында Қытай радиосын еш кедергісіз тыңдауға болады. Бұл жөнінде жергілікті тұрғынның желіге жүктеген видеосынан белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Енді қытай тілін үйрене бастаймыз ба?», – дейді жазба авторы кекесінмен. 

Видео астына пікір қалдырғандар Қытай радиосы бұл аймақта көптен бері тартатынын, оған таңғалудың қажеті жоғын айтыпты.

«Қытай арналарын қашан қосып берер екен? Оның да ауылы алыс емес секілді ғой...» дейді пікір білдірушілердің бірі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары