$ 480.55  533.75  5.36

Алматыда денсаулық басқармасы басшысының орынбасары мемлекеттік қызметтен қуылды

Осыған дейін сәуір айында Лаура Мырзағали қызметінен уақытша шеттетілген болатын.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен шеттетілгенін хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

      «Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылды (мемлекеттік қызметке үш жыл ішінде жұмысқа кіруге тыйым салынады) және қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, сәуір айында Лаура Мырзағали қызметінен уақытша шеттетілген болатын. Бұған әлеуметтік желіде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиға ұқсайтын және тағы бір әйелдің қатысуымен түсірілген видео себеп болған еді. Ал мамыр айында Әдеп жөніндегі кеңес Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарын жұмыстан шығаруды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары