Ақтауда белгісіз екі адам баласы бар әйелдің үйіне баса көктеп кірген. Көршілердің айтуынша, зардап шеккен келіншекті қаскөйлер сыммен тұншықтыруға тырысқан. Бұған қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.
22 маусым күні қаскөйлер әйелге өз пәтерінде шабуыл жасаған.
"Екі белгісіз адам көршіні тонап кетті. Ол үйде кішкентай баламен жалғыз отырған, шабуыл кезінде күйеуі жұмыста болды. Есігіне құлып салынбаған пәтерге кірген қаскөйлер әйелді сыммен тұншықтырып, қинап, үйді тонап кетті. Құдайға шүкір, әйел тірі қалды",- деді жәбірленушінің көршілері.
Бұған қатысты пікір білдірген Маңғыстау облыстық полиция департаменті 22 маусым күні сағат 15.25-те кезекші бөлімге пәтерді тонауға қатысты қоңырау түскенін хабарлады. Оқиға орнына тәртіп сақшылары барып, жағдайпен танысқан. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.