23.06.2022, 17:40

Шымкентте жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқандар ұсталды

фото: nur.kz
Соның салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам ақша түспеген.

Агенттік ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмысты іске асыру үшін 6 компания құрылған. Олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асқаны белгілі болды.

Соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам ақша түспеген.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласындағы оқу орындарының бірінің бас есепшісінің 90 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырды деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.