$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанда үш миллионнан астам адам медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр» – депутат Жәмила Нұрманбетова

2022 жылы медициналық көмекті қаржыландыруға 2,2 трлн теңге бөлінді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру барысы» туралы жиында депутат Жәмила Нұрманбетова МӘМС енгізілгеннен  бергі денсаулық сақтау жүйесіндегі оң өзгерістерді атап өтіп, халыққа медициналық көмектің әлі де қолжетімді болмай отырғанын және бұл шешуді талап ететін мәселе екеніне тоқталды.

«Денсаулық сақтау жүйесі қосымша қаржыландыру көзіне ие болғанына қарамастан, медициналық көмек халыққа әлі де қолжетімді емес. Оның үстіне, үш миллионнан астам адам медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Бұл ендігіде қолға алынуы тиіс мәселелер. Біздің Комитет аталған мәселелерді  уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп көтеру үшін, ең алдымен, пациенттердің мүддесі үшін оң шешім шығару мақсатында осы жиынды өткізуге бастамашылық етті», – деп атап өтті Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, депутат Жәмила Нұрманбетова.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, кез келген сапалы өзгерістер айтарлықтай қаржы ресурстарын талап етеді. Осыған байланысты 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу орынды әрі өмірлік маңызды қадам болды, өйткені бұл салаға қосымша қаражат тартып, саланы қаржыландыруды 80%-ға арттыруға мүмкіндік берді деп отыр.

«2022 жылы медициналық көмекті қаржыландыруға 2,2 трлн теңге бөлінді, оның ішінде 852 млрд теңгесі МӘМС-ке бағытталды», – дейді Денсаулық сақтау министрі.

Алайда, министр бүгінгі таңда халықтың МӘМС жүйесімен дұрыс қамтылмауы, өңірлерде инфрақұрылымды дамыту, елімізде денсаулық сақтау саласының тиісті деңгейде цифрландырылмауы сияқты мәселелердің бар екенін мойындап, оны алдағы уақытта шешу қажеттігін алға тартты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары