$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында өз шәкіртін зорлаған жаттықтырушы 7 жыл 6 айға сотталды

Кінәлі деп танылған жаттықтырушы 1988 жылы туған азамат екен.
фото: ulysmedia.kz
фото: ulysmedia.kz

Алматы облысында таэквондо тренері өзі жаттықтырып жүрген шәкіртін зорлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Алматы облыстық сотына сілтеме жасап.

Кінәсі дәлелденіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған жаттықтырушы 1988 жылы туған азамат екен.

«Алматы облысы мамандандырылған кәмелет жасына  толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды. Тренер ҚР ҚК 212 бабы 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойына жасөспірімдермен жұмыс істеуге тыйым салынды»,-делінген хабарламада.

Сот үкімі әлі өз күшіне енген жоқ. Сот жабық өткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары