Жамбыл облысы аумағындағы қатты селден ауылға баратын негізгі жолда көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ауыл арасындағы селдің бейнежазбалары әлеуметтік желіде тарап жатыр. «Төтенше оқиғадан 2 шаруашылық ғимарат зақымданды. 3 үйдің ішіне су кірді. Үйлердің біріне кіретін газ құбыры бүлінді. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, мал арасында шығын бар: қойлар мен тауықтар өлген. Өңірдегі ТЖД мәліметіне қарағанда, Қордай ауданы әкімінің орынбасары мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы қазір зардап шеккен ауылда.
Құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.