Танымал инсайдері, агент және менеджер Рик Глейзер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес трилогия үшін қанша гонорар алатынын айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Канело-GGG жекпе-жегі Спенс-Кроуфорд жекпе-жегінен әлдеқайда ауқымды. Канело-GGG жекпе-жегінің бүкіл әлем бойынша табысы көп болады. Сондықтан бұл екеуінің жекпе-жегі жалпы алғанда 80 миллион доллар табуға кепілдік береді", - деді бокс агенті Рик Глейзер.
Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.