Жаңалықтар 24.06.2022 сағат 10:00

«Жаппай уланып жатырмыз»: Түркістан облысының тұрғындары әлі күнге дейін кәріз суын ішіп отырғандарын айтып шу шығарды

Кәріз желісі арқылы күнделікті 50-ден аса көпқабатты үй мен коммуналдық мекеменің қалдығы төгіледі.
«Жаппай уланып жатырмыз»: Түркістан облысының тұрғындары әлі күнге дейін кәріз суын ішіп отырғандарын айтып шу шығарды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындары кәріз суын ішіп отыр. Бес жыл ішінде аудандағы кәріз желісі толып, су Қайнарбұлақ өзеніне қосыла бастаған. Ал ауылда орталық су құбыры тартылмағандықтан, тұрғындар әлі күнге дейін өзен суын тұтынуға мәжбүр, хабарлайды Ulysmedia.kz.

Atameken Business телеарнасына жанайқайын жеткізген тұрғындардың сөзінше, мәселе 10 жылдан бері шешілмей келеді.

"Кәріз желісіндегі қоспа мен суды ішуге мәжбүрміз. Балалар мен қариялар ауырып, мал қырылып жатыр. Балаларға ауруханада "уланған" деп үйге қайтарады", – деп шағымданы ауыл тұрғыны Нуриддин Қасымбеков. 

"Ауылға келгендер суды ішпейді, жағымсыз иісі бар деп айтады. Ал бізде таңдау жоқ: барымыз осы", – деп қосты Ұлықбек Райымшихов. 

Кәріз желісі арқылы күнделікті 50-ден аса көпқабатты үй мен коммуналдық мекеменің қалдығы төгіледі. Ауыл тұрғындары бұл туралы барлық мекемеге шағымданғандарын айтады. Тіпті мәселені шешу үшін 2017 жылы 790 миллион теңге бөлініп, тазарту ғимараты салынуы керек болған. Мердігер анықталған, алайда 2019 жылы тазартуды бастауы керек нысан әлі іске қосылмаған. 

“Нысанда орналасқан құрылғыны мердігер ұйым іске қосуы керек, алайда әлі іске қоса алмай отыр. Бүгінгі таңда сот процессі жүріп жатыр”, – деді Сайрам ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Шыңғыс Жаманқұлов. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар