Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуін пандемия деп жариялады.
Бүгінде инфекция 58 елде тіркеліп, 3 мыңнан астам дерек расталған. Вирус бірнеше құрлықта тез таралуда. Мамандар шұғыл шара қолданып, вирустың алдын алу керек деп отыр. Оны ауыздықтау үшін жаһандық іс-қимыл керек. Әдеттегі шешек ауырына қарағанда бұл вирустан өлім-жітім аз болғанымен, уақытылы шара қолданылмаса, инфекция миллиондаған адамның өмірін жалмап, көптеген адам мүгедек болып қалу қаупі жоғары, делінген ұйым хабарламасында.