24.06.2022, 16:00

Нигериялық азаматқа күйеуге шыққан атыраулық келіншек ана атанды

Фото: ашық дереккөз
Ол баласының жынысын әзірге жасырын ұстамақ.

Нигериялық азаматқа күйеуге шыққан атыраулық Заида Жаңабаева дүниеге сәби әкелді. Ол баласының жынысын әзірге жасырын ұстамақ, деп хабарлайды Экспресс К.

Декреттік демалысқа шыққан Заида Жаңабаева облыстық перинаталдық орталықта босанған. Осыдан бірер күн бұрын денсаулығына алаңдаған Заида ауруханаға жатқызылғанын айтты.

Біз енді үшеуміз, альхамдулилляһ! Менің туған күнім 23 мамыр, ал сәбиіміздің туған күні — 23 маусым, - деп жазды Заида өзінің Instagram парақшасына.