$ 494.87  520.65  4.91

Шетелде қыдырып, қайта алмай қалатындар үшін қор құру ұсынылды

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Қазақстанда туроператорлардың банкроттығынан жапа шеккен туристерге арнайы қор құруды ұсынды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Гүлнәр тур» оқиғасына ұқсас жағдайлардан отандық туристерді сақтандыру мақсатында ресейлік тәжірибеге сүйенуді ұсынамыз. Ресейде туристерге шұғыл көмек көрсететін «Турпомощь» туроператорлардың коммерциялық емес бірлестігі құрылған. Оның жанынан резервтік қор жасақталды. Соның көмегімен олар банкроттыққа ұшыраған немесе туристтік келісімшартты дұрыс жасамаудан туындаған келеңсіздіктер барысында туристердің қонақүйге жатқызуға және елге оралуына қажетті шығындарға жұмсалып отырады», деп жазады комитет «ҚазАқпарат» ХАА-нің ресми сауалына берген жауабында.

Еске сала кетейік, Қазақстанның ең ірі туроператорларының бірі «Гүлнәр тур» айналасындағы дау-дамай шілде айының басында туған болатын. Компанияның банкротқа ұшырауы салдарынан бір мыңнан астам қазақстандық Түркиядан елге орала алмай қалды. Айдың орта тұсында меморгандардың, әуекомпанияларының және бірқатар туроператорлардың үйлесімді жұмысының арқасында барлық азаматтар елге жеткізілді. Комитеттің мәлім еткеніндей, туристерді қайтару кезінде мемлекеттік қаражат жұмсалмаған.

Қазіргі уақытта ІІМ туристік компанияға қатысты қылмыстық іс қозғады. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі сотқа оны лицензиясынан айыру жөнінде шағым тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары