$ 444.22  476.38  4.82

Астаналықтар автобустарда тегін WI-FI-мен жүреді

Астана қаласындағы қоғамдық көліктер интернетке қосылуда, деп хабарлайды tv7.kz.

Бүгінгі уақытта тегін WI-FI тек 12 автобуста орнатылды. Болашақта олардың санын едәуір көбейту жоспарлануда.

— Біздің жоба қоғамдық көліктің ыңғайлылығын және жайлылығын жоғарылатуға үлкен септігін тигізеді. Бұл бастама «Smart Астана» атты ірі жобаның бір бөлшегі. Ол елордалықтарға және қала қонақтарына кеңжолақты интернетті қолжетімді етуге бағытталып отыр, — дейді «Smart Астана» департаментінің бас менеджері Айбек Садықов.

Жоба авторларының сөзіне қарағанда, вай-файдың жылдамдығы секундына 25 Мбит және одан жоғары. Енді автобустағы жолаушылар уақыттарын бос өткізбей, әлеуметтік желілерге кіріп, онлайн кітаптарды оқып отыра алады. Әзірге медиафайлдар көп жүктеледі. Алайда жасақтаушылар интернеттің жылдамдығын жоғарылататындықтарын айтуда.

— Біз күніне қанша пайдаланушы болғанын санап, статистиканы жасап отырамыз. Әрбір пайдаланушы қанша трафик қолданды, қандай құрылғы қолданды - Android немесе iOS. Автобустардағы интернет - тегін. Дегенмен пайдаланбас бұрын оларға әр жарты сағат сайын 15 секундтық жарнама көрсетіледі, — дейді жоба жасақтаушысы Төреғазы Әбдіқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары