Мәскеудің Измайловский аудандық сотының судьясы қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша Дағыстан бұрынғы премьер-министрінің орынбасарының ұлы Муртузали Меджидовты айыпты деп тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәскеуде сот үкімі шығарылған Муртузали Мажидов қазақстандық студентті өлтірді деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы марқұмның анасы Жанна Ахметова айтты.
Томиристің анасы да сот үкіміне көңілі толатынын айтты.
2018 жылдың сәуір айында МГИМО-ның қазақстандық 21 жастағы студенті Томирис Байсафа университет ғимаратының төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Қыз Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жатқызылды, бірақ ол көп ұзамай қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұдан кейін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ресейлік әріптесі Татьяна Москальковадан істі жеке бақылауға алуды және "объективті тергеу жүргізуді" сұрағанын хабарлады.