$ 449.58  486.94  4.86

Головкин мен «Канело» трилогия алдында көз арбасты

Боксшылар бір минуттан астам бір-біріне жалтармай қарап тұрды.

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) алғаш рет 2018 жылдың қыркүйегінде кездескен еді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар үшінші жекпе-жекке арналған баспасөз туры аясында Лос-Анджелесте өткен баспасөз конференциясына қатысып, көз арбасты. Оның видеосы Twitter-дегі DAZN парақшасына жүктелді.

Боксшылар бір минуттан астам бір-біріне жалтармай қарап тұрды.

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Біріншісі кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары