Соңғы 2 жылда коронавирус індетіне байланысты қажылыққа бару шектелген еді. Мәселен, былтыр шетелден тек 60 мыңдай адам барған. Ал пандемияға дейін Мекке мен Мәдинада жыл сайын 2 жарым миллион адам қажылық міндетін өтеп, ел қазынасына 12 миллиард доллар түсетін.
Қажылыққа байланысты Сауд Арабиясында қауіпсіздік шаралары күшейді.