26.06.2022, 09:09

Меккеде қажылық басталды

Фото: ашық дереккөз
Қасиетті Мекке қаласында мұсылмандардың 5 парызының бірі қажылық басталды.

Соңғы 2 жылда коронавирус індетіне байланысты қажылыққа бару шектелген еді. Мәселен, былтыр шетелден тек 60 мыңдай адам барған. Ал пандемияға дейін Мекке мен Мәдинада жыл сайын 2 жарым миллион адам қажылық міндетін өтеп, ел қазынасына 12 миллиард доллар түсетін.

Қажылыққа байланысты Сауд Арабиясында қауіпсіздік шаралары күшейді.