$ 498.34  519.72  4.85

«Артында төрт баласы қалды, ең кішісі – алты айлық сәби»: Түркістан тұрғыны әйелін ұрып өлтірді

Әйелдің қатты соққыға жығылғаны сонша сау-тамтығы, сынбаған сүйегі қалмаған.

Түркістан облысында ер азамат 30 жастағы әйелін өлімші етіп сабап тастаған. Оқиға жайлы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Журналисттің айтуынша, көп балалы ана ауруханаға жеткізілгенімен тілге келмей, көз жұмған. Оның артында төрт баласы қалды. Ең кішісі – алты айлық сәби. 

“Нашақор күйеуі балаларының көзінше анасын ұрып тастаған. Ер азамат мас болған. Әйелдің қатты соққыға жығылғаны сонша сау-тамтығы, сынбаған сүйегі қалмаған”, – деп жазды Гүлмира Әбіқай. 

Облыстық полиция өкілдері ер азаматтың ұсталғанын хабарлады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#адам өлімі