Жаңалықтар 27.06.2022 сағат 11:00

Көркем гимнастикадан Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

Жекелей біріншілікте Елжан Таниева лентамен жаттығу көрсетуде үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды.
Көркем гимнастикадан Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті
Фото: ҚазАқпарат
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Таиландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, көпсайыста Айбота Ертайқызы 4-і болды. Ал Елжан Таниева 7-і нәтиже көрсетті. Жекелей біріншілікте Елжан Таниева лентамен жаттығу көрсетуде үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол ұршықпен жаттығудың финалында күміс жүлдегер болды.

Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын Қазақстан командасы топпен жаттығу жасауда алтын медаль иеленген еді. Спортшы қыздарымыз шеңбермен өнер көрсетуде 30 балл алып, топ жарды. Көркем гинастиканың бұл түрінде «күміс» Өзбекстанға, «қола» Жапонияға бұйырды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар