$ 449.58  486.94  4.86

Түркия Ресейге санкция салудан бас тартты

Біздің Ресеймен экономикалық қарым-қатынасымыз санкция енгізу Ресейден гөрі Түркияға көбірек зиян келтіретіндей сипатта

Түркия президентінің ресми өкілі Ибрагим Калын елдің Ресейге қарсы санкция салмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РБК. 

Ибрагим Калынның айтуынша, батыс оларды бірнеше рет Ресейге қарсы санкциялар енгізуге шақырған. Бірақ Түркия өз мүддесін қорғауға және "тепе-теңдік саясатын" ұстануға ниетті.

"Біз (Мәскеуге қарсы - ред.) санкциялар енгізбейміз және оларға қосылмаймыз. Біз өз мүддемізді қорғауға тиіспіз. Егер бәрі көпірді жойса, Ресеймен кім сөйлеседі? Біздің Ресеймен экономикалық қарым-қатынасымыз санкция енгізу Ресейден гөрі Түркияға көбірек зиян келтіретіндей сипатта. Біздің (санкция мәселесі бойынша - ред.) нақты ұстанымымыз бар. Батыс та оны қабылдады", - деді Калын.

Осы орайда Түркия президентінің өкілі батыс енгізген санкциялар Ресейді келіссөздер үстеліне отыруға итермелемегенін атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары