Қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz журналист Махамбет Әбжанға сілтеме жасап.
Әуежай ауданында орналасқан Майбалық ауылының тұрғындары әуежайға екі мәрте Кеңес одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың есімін беруді сұрап отыр.
9 мамырда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров дәл осындай бастама көтерген болатын.
Айта кетейік, елорда әуежайы 1930-1961 жылдары "Ақмола", 1961-1992 жылдары "Целиноград", 1992-1998 жылдары "Ақмола", 1998-2017 жылдары "Астана" деп аталды. 2017 жылғы 21 маусымда Астана әуежайы сол кездегі президенттің құрметіне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы болып өзгертілді.