$ 498.34  519.72  4.85

«Өздерің алып келіңдер, әйтпесе, көп күтіп қаласыңдар»: Шатуновтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сондағы берген көліктері  – ескірген, еш жабдығы жоқ Газель автокөлігі.

«Ласковый Май» тобының бұрынғы солисі Юрий Шатуновтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Болжам бойынша жедел-жәрдем әншіге дер кезінде көмек көрсетпеген. Алайда қылмыстық іс қандай бап бойынша қозғалғаны белгісіз.

«Юраның жағдайы үстелде отырғанда нашарлап кетті. Кенеттен кеудесін ұстап, тыныс алуы қиындады. Біз жедел жәрдем шақырған едік, бірақ диспетчер науқасты «өздерің алып келіңдер, әйтпесе, көп күтіп қаласыңдар» деп жауап берді. Жақын маңдағы жедел жәрдем бөліміне апарған едік, ол жақтағылар науқастың жағдайы ауыр деп ауруханаға жіберді. Сондағы берген көліктері  – ескірген, еш жабдығы жоқ Газель автокөлігі.

Юра ауруханаға жетпей көз жұмды. Ауруханада дәрігерлер оған көмектеспек болды, алайда қолдарынан ешнәрсе келмеді. Себебі ол кезде Юра қайтыс болған еді. Меніңше, ауруханаға жеткізгенше кеш болып кетті, қазір дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды» дейді марқұмның көмекшісі KP.RU басылымына.

Дереккөз: orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары