$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте күннің ыстығынан көліктің газ балоны жарылды

Салдарынан 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Шымкентте көліктіңгаз балоны жарылып, алты жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Қаратау ауданы, Нұрсат 2 шағын акданындағы №16 тұрғын үйдің алдында болған. «Kia Rio» маркалы автокөліктің артқы багажында көлемі 350 мл кішкентай газ балон жарылған. Салдарынан 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олардың 4-і балалар. «Жолаушыларға алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Өрт болған жоқ. Алдын ала болжам бойынша күн сәулесінен автокөліктің багажы қызып кеткен болуы мүмкін»-делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Оқиға орнына ТЖД-нің 15 қызметкері мен 3 дана техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары