27.06.2022, 18:20

Маңғыстауда жануарды көлікпен қуған ер адамның видеосы тарады

Фото: ашық дереккөз
Қуғын нәтижесінде аң зардап шекті ме, жоқ па белгісіз. Бірақ кадр сыртындағы әңгімеге қарағанда, жүргізушілер жолда қандай аң кездестіргенін түсінгісі келген.

Қазнетте Маңғыстауда итаюдың артынан қуып бара жатқан жүргізушінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қуғын нәтижесінде аң зардап шекті ме, жоқ па белгісіз. Бірақ кадр сыртындағы әңгімеге қарағанда, жүргізушілер жолда қандай аң кездестіргенін түсінгісі келеді. 

Итаюдың сыртқы келбеті борсыққа, ал қылығы күзенге ұқсас. Ол - сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.

Өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін олар тек бұрынғы КСРО аумағында Түркіменстанда өмір сүрді деп есептелген. Қазақстан аумағында оны алғаш рет зоолог А.Н. Коринфский ашқан. 1964 жылдан бастап Маңғыстау облысының аумағында тұрақты түрде зерттеулер жүргізген ол итаюды 1983 жылы ғана кездестірген. 

Итаю еліміздің териофаунасына кіреді. Өте сирек кездесетін түр, сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, мәртебесі - I санат. Негізгі жауы - қасқырлар мен иттер.