Қазақ тойындағы ұятсыз ойындарға тыйым бар ма? Желіге тараған тойлардың бірінде ер адамдардың шалбарларын шешіп, іш киіммен жүрген видеосы тарап кетті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Видео «Мазақ болған қазақтар» деп әлеуметтіе желіге тарап кетті. Видеода тамаданың ерсі дауыспен «охрана» деп айқайлаған дауысы шығады. Ойынның қандай түрі екені белгісіз.
Ол жерде біркелкі қызыл көйлек киген әйелдердің ер адамдарға қарай жүгіріп, ременін ағытып, бәрінің бір орындыққа таласып жатқанын аңғаруға болады. Кейбір ер адамдар өздері шешініп, орындыққа қарай жүгіреді.
Алайда, желі қолданушылары мұны ерсі қылық санап, «Мұндай той болмасын», «Асабаларды құту керек», «Өңкей малдар», деп тойда мән қалмағанын ренішпен жазуда.
Қазақтың тойында мән де, сән де қалмай бара жатқан сыңайлы. Сіз бұған не дейсіз, оқырман?