$ 510.08  539.61  5.15

Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болады

Статистикалық болжамға сәйкес, жауын-шашын тапшылығы тек Ақтөбе облысының Әйтеби ауданы мен Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында күтіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» синоптиктері 2022 жылдың шілде айына арналған құрғақшылықтың алдын ала болжамын дайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Статистикалық болжамға сәйкес, жауын-шашын тапшылығы тек Ақтөбе облысының Әйтеби ауданы мен Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында күтіледі.

Алматы облысының Кербұлақ ауданы мен Қонаев қаласында қалыпты ылғалдылық күтілуде.

Айдың бірінші онкүндігінде құрғақшылық болжамы одан әрі нақтыланатыны атап өтілді. Барлық болжамдар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты түрде ұсынылады, сондай-ақ agrodata.kz қосымшасында жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары