28.06.2022, 07:19

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Фото: ашық дереккөз
Ауру жұқтырғандар қатары Алматы қаласында көп.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың күн санап көбейіп жатқанын хабарлады, деп жазады Skifnews.kz.

Ауру жұқтырғандар қатары Алматы қаласында көп. Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында – 15, Алматы қаласында – 42, Шымкент қаласында – 3,Ақмола облысында – 2, Қарағанды облысында – 3, Қызылорда облысында -1 адамнан коронавирус белгілері анықталды.

Соңғы күндері Қазақстан коронавирус жұқтырғандар санының өсу динамикасы байқалуда.