$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда екі көлік соқтығысып, бір адам тірідей өртеніп кетті

Жол апатында 3 адам зардап шеккен.

Павлодар облысында жол апаты болып, көлік ішінде бір адам жанып кетті, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Оқиға Нұр-Сұлтан - Павлодар тасжолында Пограничник пен Спутник ауылдарының арасында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көлік өртенген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатында 3 адам зардап шеккен.

«1987 жылғы ер адам омыртқа сүйегінің сынуы диагнозымен, 1999 жылғы ер адам жабық бас сүйек-ми зақымы мен беті жыртылып Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді», - деді басқарма өкілдері.

Ал, үшінші адам кім екені анықталмады.

«Үшінші адам «Индрайвер» қосымшасымен көлікке отырған жолаушы. Ол адамда биологиялық өлім анықталды. Толығымен жанып кеткендіктен кім екенін анықтау мүмкін болмады», - дейді олар.

Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің екі тобы шығып, қызмет көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары