$ 446.49  475.38  4.79

Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа ілікті

Рахмоновтан жеңілген Мэгни екі сатыға - 12-орынға түсті.

UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін жартылай орта дивизион рейтингінің алғашқы ондығына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Рахмонов өткен демалыста Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын екінші раундтың соңында қылғындыру әдісімен жеңді. Бұл ол жігіт үшін UFC лигасындағы қатарынан төртінші жеңіс.

Қазақстандық спортшы UFC жартылай орта дивизионының үздік жауынгерлерінің рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, 10-орынға тұрақтады. Рахмоновтан жеңілген Мэгни екі сатыға - 12-орынға түсті.

Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңгені хабарланған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары