$ 494.87  520.65  4.91

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты

«Шамамен жалақым – 1,5 млн теңге», – деп жауап берді.

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистерге шамамен 1,5 млн теңге еңбекақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біріншіден, маған жалақыны Қаржы министрлігі береді және вице-премьер ретінде тағы да ақы төлейді. Шамамен жалақым 1,5 млн теңгені құрайды», – деп жауап берді Жамаубаев.

Сондай-ақ, қаржы министріне шенеуніктер өзінің табыс туралы декларациясын жариялай ма деген сұрақ қойылды.

    «Бұл мәселе жалпы талқыланып жатыр. Біз, мемлекеттік қызметшілерміз, сіздер онсыз да жалақымызды білесіздер. Жыл сайын декларация тапсыратындар - мемлекеттік қызметшілер. Біз жалпыға бірдей декларациялау жолындамыз және 2025 жылға қарай республикамыздың барлық азаматы жыл сайын декларация жариялап, тапсыратын деңгейге жетеміз. Сонда бәрі бәріне белгілі болады», - деп жауап берді ол.

Еске салайық, Қазақстанда кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңнен тұрады. 2021 жылдан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері тапсырады. 2024 жылдан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, 2025 жылдан бастап барлық қалған санаттағы азаматтар декларация толтырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары