Өскеменде қатты желдің салдарынан аялдама павильондары құлады. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бұл ақпаратты растады, деп жазады YK-news.kz.
Келеңсіз жағдай Өскемендегі Гагарин бульвары мен Өтепов көшесінде тіркелген. Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қатты желдің әсерінен екі аялдама павильоны құлап, салдарынан 10 және 12 жастағы екі қыздың зардап шеккенін айтады. Олар ауруханаға жеткізілген. Мекеме әрбір жағдай бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ мекеме желден Өскеменнің бірнеше көшесінде электр желілерінің үзілгенін атап өтті. Оқиға орнына авариялық бригадалар барған.