Жаңалықтар 28.06.2022 сағат 17:20

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың жолын кесті

25 маусымында аталған адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.
Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың жолын кесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерден Мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін елорда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің бірінің басшылығына пара ретінде ақша қаражатын талап еткен криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізді.

Осы жылдың 25 маусымында аталған адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – «ТТ» және «Smith&Wesson» маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді.

Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар