$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде уақытша ұстау изоляторының бастығы есірткіге еліріп көлік тізгіндеген

Ол өзінің жұмыстан заңсыз босатылғанын және қолына тиісті бұйрықты алмағанын алға тартады.

Ақтөбе облысында есірткіге мас күйде көлік жүргізген уақытша ұстау изоляторының бастығы қызметінен қуылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Диапазон" басылымының жазуынша, тәртіп сақшылары көшеден аудандық полиция бөлімдерінің бірінің уақытша ұстау изоляторының бастығы мінген Nissan Almera көлігін тоқтатқан. Оның есірткіге мас күйде болғаны анықталды. Нәтижесінде Ақтөбе облыстық ПД басшысы оны қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін қызметінен босатты.

Шешіммен келіспеген экс-қызметкер сотқа талап арызбен жүгініп, оны қызметіне қайта алуды, сондай-ақ мәжбүрлі түрде жұмыстан босатылған уақытына еңбекақы төлеуді талап етті. Ол өзінің жұмыстан заңсыз босатылғанын және қолына тиісті бұйрықты алмағанын алға тартады. Алайда сот уақытша ұстау изоляторының бұрынғы бастығының теріс қылықтары құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіретінін айтып, оның талабын қанағаттандырудан бас тартқан.

Басылымның хабарлауынша, қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін сотталған полицей әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан, тіпті оған іздеу жарияланыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары