«SCAT» әуе компаниясының Алматыдан Үржарға бағытталған ұшағы құстардың кесірінен ұша алмай қалды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«DV-791 рейсін орындау кезінде ұшу жолағымен келе жатқан әуе көлігі құстардың тобымен соғылысып қалды. Салдарынан ұшақтың алдыңғы бөлігі мен терезесі сынып, оң жақ винті зақымданды», делінген хабарламада.
Ұшақ бортында 41 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған.
Қазір әуекомпаниясы жолаушылардың аттануы үшін қосымша ұшақ қарастыруда.