$ 444.22  476.38  4.82

Головкин мен Альварес жекпе-жегінің билеті қанша тұрады?

Бір адамға сегіз билеттен артық сатып алуға тыйым салынған.

Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің билеттері сатылымға шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Ең арзан билеттің бағасы – 305 доллар. Ең қымбаты 5 мың доллардан асады. Бір адамға сегіз билеттен артық сатып алуға тыйым салынған.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары