Қазан қаласында ер адам экзотикалық өрнегі бар пижама киген жұбайын жыланмен шатастырып, темір шыбықпен ұрған. Әйел ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz
«Аругменты и Факты – Казань» сайтының мәліметінше, әйел жыланның суреті бар пижамамен ұйқыға жатқан. Аяғын көрпе астынан шығарып қойған. Сол сәтте қасындағы күйеуі оны жылан деп ойлап, темір шыбықпен бар күшімен ұрып-соққан.
Әйелдің аяғы бірнеше жерден сынды. Қазір ол ауруханада жатыр.