$ 494.87  520.65  4.91

Жыл басынан бері 700-ден астам адам жол апатынан көз жұмған

Өткен бір тәуліктің өзінде ғана 39 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 11 адам қайтыс болыпты.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері жолда 700-ден астам адам қаза тапқан. Сол секілді тағы 7 мыңға жуық азамат жарақат алды. Өткен бір тәуліктің өзінде ғана 39 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 11 адам қайтыс болыпты. 57 адам жарақат алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осыған байланысты ІІМ жол жүрісіне қатысушыларды қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады.

"Жыл басынан бері жолда 700-ден астам адам қаза тауып, 7 мыңға жуық азамат жарақат алды. Күн сайын елімізде 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақаттарын алады. "Зардап шеккендердің көпшілігі – 40 жасқа дейінгі адамдар мен балалар. Бұл біз үшін, еліміздің болашағы үшін орны толмас шығын. Талдау көрсеткендей, жол апаттарының себептері: жылдамдық режимін сақтамау, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығып кету, аударылу, жаяу жүргіншілерді қағып кету болып отыр. Жолда адам өзінің қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігі үшін жауапты екенін есте ұстаған жөн",– делінген  ІІМ ресми мәлімдемесінде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#апат #жол