$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Екі адам қаза тауып, жеті бала зардап шекті

Кейбірі жансақтау бөлімінде жатыр.

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан жеті бала мен үш ересек адам зардап шекті. Екі көліктің жүргізушілері де қаза тапты, деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті.

Жол көлік оқиғасы Нұра кентінен 4 шақырым жердегі Жараспай-Нұра тас жолында тіркелді.

Оқиға орнынан түсірілген фотолар мен видеолар әлеуметтік желілерде жарияланды. Автор апат салдарынан жеті бала мен олардың ата-аналары зардап шеккенін атап өткен. Оның сөзінше, кейбірі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұған қатысты Қарағанды облыстық полици департаменті пікір білдірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатына 58 жастағы Honda Odyssey жүргізушісі себеп болған. Ол Жараспай-Нұра тасжолымен келе жатып, рөлді басқара алмай, қарсы бетке шығып, Volkswagen Golf-пен соқтығысқан.

Неміс машинасын 25 жастағы жігіттің жүргізгені белгілі болды.

"Жол апатынан оқиға орнында Honda Odyssey жүргізушісі көз жұмды. Volkswagen жүргізушісі медициналық мекемеде қайтыс болды. Golf жолаушылары: 33 және 37 жастағы ерлі-зайыптылар, сондай-ақ олардың 11, 8, 7, 6, 5, 3, 2 жастағы балалары және 19 жастағы әйелдің ағасы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер бұл фактіні тіркеп, тиісті сараптамаларды тағайындады. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. 

nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары