$ 443.85  474.3  4.8

Қарағандыда жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты (ВИДЕО)

Қазіргі кезде аталған дерек полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.   

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 маусымда сағат 15.45 шамасында Балқаш – Сарышаған тас жолында болған.

«DAF FT XF-105 ауыр жүк көлігінің 61 жастағы жүргізушісі Балқаш қаласы жағынан келе жатып, Сарышаған кентіне 50 шақырым қалған тұста рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жол жиегіне аударылып кеткен.

Оқиға салдарынан жүргізуші мен 57 жастағы жолаушы (жүргізушінің әйелі) оқиға орнында көз жұмды», –  делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде аталған дерек полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары