$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда полиция бастығының ұлының тойына қатысты қызметтік тексеру басталды

Ұлан-асыр тойда бағалы сыйлықтар ойнатылғанға ұқсайды. Той тартуларының арасында бензин құюға арналған талондар да бар.

Алматы Полиция департаменті "Полиция бастығының ұлының үйлену тойы" деген тақырыппен желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыдағы тойлардың бірінде түсірілген видеоны Facebook желісінде журналист Михаил Козачков  жариялаған. Айтуынша, видеоны жіберген адам той иесі полиция бастығы екенін айтқан.

Желіде тараған видеода әртүрлі парақшаларда салынған той үзінділері жинақталған. Онда 400 қонақ пен 40 әнші қатысқаны айтылған. Ұлан-асыр тойда бағалы сыйлықтар ойнатылғанға ұқсайды. Той тартуларының арасында бензин құюға арналған талондар да бар.

Алматы Полиция департаменті той иесінің кім екенін нақты айтпады, тек тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Жоғарыда аталған автордың дәлелдері тағайындалған қызметтік тергеу аясында мұқият тексеріліп жатыр. Қызметтік тәртіпті бұзған жағдайда полиция қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданылады»,- деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары