$ 449.58  486.94  4.86

Санкт-Петерборда ұрланған қазақстандық дипломаттың құжаттары қайтарылды

Қазақстандық елші Бекжасар Нарбаевқа ұрланған құжаттары қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметі бойынша, 31 шілде күні ұрылар Төтенше және Өкілетті елші Нарбаевтың құжат салынған барсеткасын және фотоаппараттарын қайтарды.

Еске сала кетсек, бұрын хабарланғандай, 30 шілде күні Санкт-Петербордағы қонақ-үйлердің бірінде Бекжасар Нарбаевтың тоналғаны хабарланған болатын. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, кездесуге әзірленіп жатқан елшінің көзін ала бере ұрылар оның маңызды құжаттар, дипломатиялық төлқұжат, екі фотоаппарат пен ақша салынған сөмкесін алып кеткен.

Елші Санкт-Петербургте жеке сапармен жүрген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары