Жаңалықтар 03.07.2022 сағат 03:00

Павлодар облысында үш ауданның жерін өрт шарпыды

Өрт сөндірушілер үш ошақта құрғақ шөп жанып жатқанын анықтады.
Павлодар облысында үш ауданның жерін өрт шарпыды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодар облысында дала өрті үш ауданның жеріне жайылды. Өрттің жалпы аумағы 70 гектарды құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖ департаментінің мәлімдеуінше, 1 шілде күні сағат 15:40-та Безводное ауылының маңында дала өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт Шарбақты және Аққулы ауданының шекарасын кесіп өтті.

Өрт сөндірушілер үш ошақта құрғақ шөп жанып жатқанын анықтады. Павлодар ауданының аумағында өрт көлемі 30 гектарды, Аққулы ауданындағы көлемі 20 гектарды және Шарбақты ауданында 20 гектарды құрады.

- Өрт, сонымен қатар, салмағы алты тоннаға жуық үш тіркемедегі жаңа шабылған шөпті шарпыды. Өрт 21:10-да оқшауланып, 21:58-де жойылды, - деді департаментте.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 7 бірлігі мен 41 қызметкері шықты. Сонымен қатар, өртті жоюға жергілікті атқарушы органдар, ауылдық өрт сөндіру бөлімшелері, орманшылар қатысты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар