$ 488.45  529.19  5.04

Киев Түркиядан қазақстандық «Жібек жолы» кемесін тұтқындауды сұрады

Түркияның сыртқы істер министрлігі жүк кемесіне қатысты түсініктеме берген жоқ.

Украина Түркиядан Ресей жаулап алған Бердянск портынан шыққан украин астығын ұрлап тиеп, Ресей туын іліп алған «Жібек жолы» жүк кемесін ұстап, тұтқындауды талап етті.
Бұл туралы golosameriki.com сайты жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Украина сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі теңіз сауда департаментінен алынған ақпаратқа сілтеме жасай отырып, Бердянсктен «Жібек жолы» кемесі 7 мың тоннадан астам астықты алып шыққанын хабарлады.

Украинаның бас прокуратурасы Түркияның әділет министрлігіне «Жібек жолы» кемесінің Бердянскіден украин астығын заңсыз әкетуге қатысы бар екенін және Түркияның Қарасу бағытына бет алғанын айтып, үндеу жолдады.

Ал «Жібек жолы» кемесі Қарасу портына 1 шілдеде таңғы уақытта жеткен.

Түркияның сыртқы істер министрлігі жүк кемесіне қатысты түсініктеме берген жоқ.

Экспресс К бұған дейін қазақстандық KTZ Express компаниясының аталған кеменің өзіне тиесілі екенін растағанын жазған еді. Кемені ресейлік Green Line компаниясына бербоут-чартер негізінде жалға берген. KTZ Express-тің хабарлауынша, Green Line компаниясы ешқандай санкицяға ұшырамаған.
Украина ақпан айында шабуыл басталғанан бері Ресей әскерлері басып алған аумақтардан астық ұрлады деп айыптады. Кремль Ресейдің украин астығын ұрлаумен айналысатынын жоққа шығарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жібек Жолы