$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Жаңалықтар 04.07.2022 сағат 12:00

Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Кіндігі кесілмеген. Жолдасымен қоса жатыр. Бала өліп қалған.
Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Фото: ашық дереккөз

Талдықорғанда 7-шағынаудандағы 17 үйдің қоқыс төгетін жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды.

ҚазАқпарат тілшісіне оқиғаны баяндап берген куәгердің айтуынша, нәрестенің кіндігі кесілмеген.

Қоқыс төгуге шыққанмын. Қарасам, ақ орамалға оралған бала жатыр. Кіндігі кесілмеген. Жолдасымен қоса жатыр. Бала өліп қалған. Шамамен мерзімінен бұрын (7-8 айлық) туған ба деп ойлаймын, кішкентай бала екен, - деді ол.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баланы қоқысқа кімнің тастап кеткені белгісіз.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар