Жаңалықтар 04.07.2022 сағат 12:40

«Бұрын сотталған адамдар мектеп автобусын жүргізген» - Бас прокуратура

Сонымен қатар, кейбір автобустар рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден, ал жүргізушілер - медициналық куәландырудан өтпеген.
«Бұрын сотталған адамдар мектеп автобусын жүргізген» - Бас прокуратура
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бас прокуратура білім беру мекемелерінің балаларды тасымалдау қызметін ұсыну сапасы мен қауіпсіздігін талдау аясында бірқатар заңбұзушылық анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен, қажетті жүргізу санаты және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруы жоқ жүргізушілердің балаларды тасымалдау фактілері тіркелді. Жекелеген өңірлерде оқушыларды тасымалдауға бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған және балалармен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдар жіберілген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кейбір автобустар рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден, ал жүргізушілер - медициналық куәландырудан өтпеген.

"Жалпы, автобус паркінің жай-күйі, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы (өрт сөндіргіштердің, қауіпсіздік белдіктерінің, жарқылдауық маяктардың, "Балаларды тасымалдау" тақтайшаларының болмауы және т.б.) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп танылды", - делінген хабарламада.

Биыл 28 сәуірде Бас прокуратура Білім және ғылым министрлігінің атына прокурорлық қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша анықталған заңбұзушылықтар үшін 93 адам (оның ішінде мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, әкімдіктер қызметкерлері) тәртіптік жауаптылыққа тартылды, делінген ведомство хабарламасында.

"Автопаркты жаңарту және балаларды тасымалдау үшін өңірлер мектептерін автобустармен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Әкімдіктер 515 жаңа автобусты, олардың бір бөлігін алдағы оқу жылына қарай сатып алуды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігімен бірлесіп тасымалдаудың (мектеп көлігімен) қауіпсіз жағдайларына оқушылар құқықтарының сақталуы белгісіне тексерулер жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар