Мемлекеттік сатып алу порталында Шымкент саябақ құрылысына қомақты қаржы жұмсалуы мүмкін деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Ұсынылып отырған құрылысты Шымкенттегі «Shymkent City» шағын ауданында салу жоспарланған. Лоттың сипаттамасына сәйкес нақты жоспарланған сома 5 772 170 827 теңгені құрайды.
Тапсырыс беруші «Шымкент қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау шілденің 8-і мен 23-і аралығында жүргізіледі.