$ 494.87  520.65  4.91

Мінгендері «Porsche Cayenne», «Lexus RX350»: Алматыда алимент төлеуден жалтарып жүргендердің мүлкі тәркіленіп жатыр

Қазіргі уақытта ЖСО автокөліктерді бағалау және сату шараларын қолдануда.

Алматыда жеке сот орындаушысы Нұржан Сауранбекұлының ұйғарымымен алимент бойынша борышкерлердің көліктері уақытша көлік тұрақтарына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші жағдайда борышкер кәмелетке толмаған баласын асырау үшін алимент төлеуге мәжбүр болды. Алайда ұзақ уақыт бойы балаға материалдық көмек көрсетілмеген. Оның 1 353 258 теңге қарызы болған.

Екіншісінде ер адам баласына 1 161 857 теңге қарыз болған.

Үшінші жағдайда, алимент бойынша қарыз 5 098 716 теңгені құрады.

ЖСО атқарушылық іс жүргізу шеңберінде «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қабылданды. Porsche Cayenne, Renault DUSTER, Lexus RX350 маркалы көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта ЖСО автокөліктерді бағалау және сату шараларын қолдануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары