$ 494.87  520.65  4.91

Нұрлан Өнербаев тарихи деректі фильм түсіруді бастады

Бұл туралы мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев өзінің инстаграмдағы жеке парақшасында айтты.

«Осы кісі қайда кетті? Өзі көрінбейді ғой»- деп әлеуметтік желілердің бетінен қашанда іздеп отыратын жанашырларыма соңғы, қолға алып жатқан шаруаммен бөлісе отырайын», - деп жазды ол.

«ХАБАР» телеареасының тапсыруымен әзірге он хабардан тұратын «Көмбе» немесе жоғалған қазына атты тарихи деректі фильм түсіре бастадық. Күз айларында экранға шыққанда көріп, бағасын бере жатарсыздар, сондықтан сюжеті жайлы тәптіштеп айтпай ақ қояйын.

Тек қысқа ғана мәлімет: Қазақ даласына ХХ ғасырдың басында келген қызыл империя жендеттері большевиктер, бай, кедей деп бөлінбейсіңдер сендер енді ұжымдасып өмір сүресіңдер деген желеумен «коллективизация» деген лаң бастап, өз ауылын өзі асырап отырған бақутты байларының ғана емес, орта шаруалардың да алдындағы малын тартып алып «мұндай қанаушы тап болмау керек, бұлар сендердің еңбектеріңді жеп отыр» деген сылтаумен өздерін итжеккенге айдап, үрім-бұтағын қудалап тарих бетінен ғана емес халық санасынан да өшіріп жіберген. Ал, негізінде шындық қалай еді? Міне хабар осы туралы. Ісімізге сәттілік тілей отырыңыздар» дейді Нұрлан Өнербаев.

Әлеуметтік желі қолданушылары сәттілік әрі шығармашылық табыс тілеп пікір қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары