$ 494.87  520.65  4.91

Арқалық қаласының шебері Жамбыл Жабаевтың мүсінін айнытпай жасады

Хан шебер Айдос Есмағамбетов бұл еңбегін домбыра күніне арнаған екен.

Мүсінші бұл еңбегін Instagram-дағы парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл 35 жастағы Айдостың алғашқы еңбегі емес. Осыған дейін қазақтың ұлы ақыны Абайдың, әйгілі хан Абылайдың, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, АҚШ-тың бұрынғы президенттері Барак Обама мен Дональд Трамптың, алғашқы қорғаныс министріміз болған Сағадат Нұрмағамбетовтің, әнші Роза Бағланованың және басқа тұлғалардың бейнесін силиконнан жасап шыққан. Осы жолғы туындысы да көрерменді тәнті қылмай қоймады.

«Гиперреалистік мүсін жасау — шығыны көп жұмыс. Әр тал қылды жабыстырудың өзі көп уақыт алады. Бір фигураны дайындап шығуға кемінде төрт ай, әрі кеткенде бір жыл уақытым кетеді. Барлық қажетті материал, оның ішінде силиконды АҚШ-тан тапсырыспен алдырамын. Ал бейнелерді фотоға қарап отырып жасаймын», — дейді Айдос.

Ол қазір елордада тұрады. Оны бұл өнерге шабыттандырған Мадам Тюссо мұражайындағы шедеврлер екен. Айта кетейік, Айдос — Қазақстандағы жалғыз гиперреалист мүсінші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары