$ 448.15  483.46  4.86

«Абай болыңыздар! От-тілсіз жау»: Нұрлан Албанның үйі өртеніп кетті

Белгілі әнші Нұрлан Албанның үйі өртеніп кетті.

Төтенше жағдай туралы өнер иесі Instagram-да мәлімдеді.

«Қазіргі жағдайым осындай. Өнерге келгелі тірнектеп жинаған барлық музыкалық аспаптарым, құрал-жабдықтарым өрнетіп кетті. Құрметті бауырлар, қазір күн өте ыстық. Өрттен абай болыңыздар», - деді Нұрлан Албан.

Желі қолданушылары әншіге: «Бір жақсылығы бар шығар. Қайырлы шығын болсын», «Өміріңізде кереметтей өзгеріс болайын деп тұр, Алла қаласа», «Ең бастысы бас аман болсын» деп қолдау көрсеткен. 

Әнші Сәкен Майғазиев: «Нұрекем, бір АЛЛА жар болсын. Қасиетті ҚҰРАНның «Инширах» сүресінде «Қиындықтардан соң жеңілдіктер бар» деп бір емес, екі рет айтады. Бас аман болса шаш өседі. Біз біргеміз» деп пікір қалдырды өнердегі әріптесіне.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нұрлан Албан